×

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды

Тыйым салынған зат қызметтік иттің көмегімен анықталды

 Динара Амантай 19.06.2023 | 12:19
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған ер адам ұсталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Жібек жолы шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түскен. Онда шекарадағы қызметкерлерінің қызметтік иті Өзбекстаннан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан Hyundai Solaris көлігін көріп, белгі берген. Полицейлер күдік тудырған көлікті байқап, бірден тоқтатып, көлік иесін тексерді. Тінту кезінде шетелдіктің шалбарының қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды.

Тәркіленіп алынған затқа сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы оның гашиш есірткісі екенін растады.

Белгілі болғандай, ер адам Тәжікстан елінің азаматы болып шықты. Қазір күдікті ер адам қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы («Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама