×

АҚШ-та тұратын қазақ полицей-боксшы нокаутпен жеңіліп қалды

Бұдан әрі Ниязов жекпе-жекті жалғастыра алмады

 Халық үні 18.06.2023 | 20:46
Фото: prosports.kz

Америкада тұратын қазақ, боксшы әрі полицей Димаш Ниязов (14-2-3, 6 KO) Ирландия өкілі Ларри Фрайерске (13-6-1, 5 КО) қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Атлантик-Ситидегі (Нью-Джерси штаты, АҚШ) кездесу бірінші жеңіл салмақта (63,5 кг дейін) өтті.

Д.Ниязов қарсыласынан техникалық нокаутпен жеңілді. Алтыншы раундта қазақ боксшысы қатты соққыдан рингтің арғы бетіне домалап түсіп, төрешілер алдындағы үстелге құлады. Бұдан әрі Ниязов жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Нәтижесінде үш төреші жеңісті Ларри Файерске берді. Айқас тоқтатылған сәттегі есеп – 59:55.

Ирландиялық спортшы үшін бұл мансабындағы 13-інші жеңіс. Бұл ретте Димаш Ниязов рингте екінші рет жығылып тұр.

Айта кетейік, қазақ боксшысы Нью-Йоркте полиция қызметкері болып еңбек етеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама