×

«АҚШ-та мұндай болса, бірден қару қолданар еді»: депутат Төреғали Тәреәлінің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Халық үні 18.06.2023 | 00:15
ашық дереккөзден

Белгілі журналист, Мәжілі депутаты Мақсат Толықбай әнші Төреғали Төреәлінің ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, заң баршаға ортақ.

«Өзім де видеоларын көрдім. Енді заң бәріне бірдей ортақ қой. Сондықтан заңды бұздың ба, жауап беру керек. Адвокаты «күш қолданды» деген секілді жазып жатыр екен. Құдай сақтасын, АҚШ-та мұндай жағдай болса, бірден қару қолданар еді. Төреғали бол, сен бол, мен бол, заң ортақ», - деді Мақсат Толықбай.

Айта кетейік, 14 маусымда Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәлі ұсталған видео тараған болатын. Кейінірек оның есірткіге мас болып ұсталғаны белгілі болды.

Кейін Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«А. есімді азамат, Алматы қаласы ПД-нің әкімшілік қамауға алынғандарға арналған ұстау изоляторында отыр. Сонымен қатар, А. есімді азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша да қылмыстық іс тіркелді», - деп хабарлады полициядан.

Аталған қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасы жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама