×

Шетелдік автокөліктерді заңдастырудың аяқталуына 2 апта қалды

Жыл басынан бері 161 мың автокөлік заңдастырылды

 Динара Амантай 17.06.2023 | 15:50
Фото: polisia.kz

Шетелдік автокөліктерді заңдастырудың аяқталуына 2 апта қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ІІМ басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, биыл 23 қаңтардан бастап, елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруды жүргізіп жатыр.

16 маусымдағы жағдай бойынша 161 мың автокөлік заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астамы енді тіркеледі. Сондай-ақ биыл 22 мамырдан бастап, 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор қазақстандық есепке қойылды. Өздеріңіз білетіндей, заңдастыру аяқталғанға дейін 2 апта қалды (1 шілдеге дейін). Көптеген азаматтар өз көліктерін заңдастыруға үлгермей қалуымыз мүмкін деген алаңдаушылық білдіріп жатыр.

Осыған байланысты 1 шілдеге дейін өтінім берген Қазақстанның барлық азаматтарына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктертерді заңдастыру құқығы берілетінін хабарлағым келеді. Бұдан басқа Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және осы себепті заңдастырылмаған автокөліктерге келетін болсақ, аталған көлік иелеріне оларды Қазақстан Республикасында 5 жыл мерзімге уақытша есепке қою құқығы берілетін болады, – деді деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Сондай-ақ төрағаның айтуынша, 1 шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады және заңдастыру мерзімі ұзартылмайды. Одан кейін шетелдік есепте тұрған автокөліктерді Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұза отырып көліктерді пайдалануды жалғастырған азаматтарға тиісті шаралар қабылданатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама