×

«Балалардың құқығын қорғау үшін заңнамаға түзетулер енгіземіз» - Аймағамбетов

Уәкіл сәтті жұм­ыс істеуі үшін шешімдердің қалай қабылданатындығын назарға алуы қажет

 Халық үні 16.06.2023 | 22:24
Асхат Аймағамбетов, фото: Halyq Uni

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Оның айтуынша, бала құқықтары жөнін­дегі уәкіл ретінде жұмыс істеу оңай емес. Уәкілде аппарат та, жалақы да, бюджет те, жалпы белгілі бір артықшыл­ық та жоқ. Бұны көбісі бі­ле бермейді. 

«Балалардың әл-ауқаты мен құқықтарына қат­ысты функциялардың басым бөлігі әкімдікт­ерде болғандықтан, Уәкілдің барлық 20 әкімдікпен байлан­ыс орнатуы, министрл­іктермен, Парламентп­ен және азаматтық қо­ғаммен жұмыс істеуі маңызды. 

Мәселен, алдағы уақытта біз, балалардың құқығын қорғау мақсатында заңнамаға түзетулер енгізу үшін – арнайы заң жобасына бастамашы болуды жоспарлап отырмыз.

Уәкіл сәтті жұм­ыс істеуі үшін шешімдердің қалай қабылданатындығын назарға алуы қажет. Одан басқа бюджет пен заңнама мәселелерінде де түсінігі болуы керек, жұмыс өте күрделі әрі маңызды», деп жазды ол. 

Сондай-ақ ол бұрынғы балалар омбудсмені болған Аружан Саинға бірлескен жұмысы үшін алғыс білдірді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама