×

Павлодарда қарумен жүрген ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Күдіктінің қаруды не үшін ұстағаны анықталып жатыр

 Дәурен Ерболат 16.06.2023 | 16:02
Фото: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Павлодарда қарумен жүрген 44 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Басқарманың мәліметінше, жедел іздестіру кезінде «Яблонька» бағбаншылығы маңында 44 жастағы павлордарлық ұсталды.

Ер адамды тексеру кезінде одан бір оқпанды аңшылық мылтық, 28 калибрлі екі гильзаның кесіндісі табылып, тәркіленді.

Бүгінде бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу болып жатыр. Қарудың қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалды, – деді облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа күрес басқармасының басшысы Ғабит Қабдрахманов.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірдегі полицейлер тіркелмеген 29 қаруды тәркілеген.  Барлық дерек бойынша тергеу жүргізілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама