×

Қазақстан гимнасшылары әлем чемпионатына жолдама алды

Ұлттыққ құрама Азия чемпионатында қола медаль иеленді

 Дастан Жұмабекұлы 16.06.2023 | 09:02
фото: Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

Еліміздің ұлттық құрамасы Сингапурдың астанасында спорттық гимнастикадан өтіп жатқан X Азия чемпионатында қола жүлде алып, әлем чемпионатының жолдамасына ие болды.

Мəдениет жəне спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, Азия додасындағы қола медаль - ұлттық құраманың сары құрлық чемпионатындағы осы уақытқа дейінгі алғашқы жүлдесі. Осылайша, Қазақстан гимнасшылары күзде Бельгияда өтетін əлем чемпионатына жолдама алды.

Осы жарыста ерлер арасындағы командалық сында Қытай гимнасшылары топ жарса, күміс жүлдені Жапония құрамасы алды.

Команда сапында Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Дияс Тойшыбек, Әлішер Тойбазаров пен Ілияс Азизов жүлдені иеленді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама