×

Алматы әуежайында таксидің тарифі көрсетілетін тақталар орнатылады

Ең қымбат баға «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейінгі бағытқа белгіленді

 Динара Амантай 15.06.2023 | 17:39
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы жанындағы жұмыс тобы түрлі сервис ұсынатын қаладағы такси қызметінің құнын саралады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жолаушыларды тасымалдау тарифі баратын жердің қашықтығына әрі такси класына байланысты 1 200 теңгеден 12 мың теңгеге дейін барады. Ең қымбат баға әуежайдан «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортына дейінгі аралыққа белгіленді. 

Алматы кәсіпкерлер палатасының мамандары қала аймақтарын және ұсынылатын бағаларды қосқанда, ресми такси операторлары қызметінің тарифін көрсете отырып, ақпараттық стендтер мен буклеттер әзірледі. Соның арқасында туристер бағаны шамалап біліп, қанағатсыз такси жүргізушісі қымбат баға ұсынып алдаған жағдайда құқық қорғау органдарының көмегіне жүгіне алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама