×

Допинг дауы: Ауыр атлетика федерациясы мәлімдеме жасады

Спортшылардың аты-жөндері аталды

 Дастан Жұмабекұлы 15.06.2023 | 15:20
фото: ашық дереккөз

Ауыр атлетика федерациясы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады. Федерация допинг қабылдаған спортшылардың аты-жөндерін атап, тиісті шараның қолданғанын хабарлады.

18 мамырда Ауыр атлетика федерациясына Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығынан 17 сәуірде алынған жарыстан тыс допинг-бақылаудың оң нәтижелері туралы хабарлама келіп түсті.

Осылайша, оң нәтиже Арли Чонтей, Екатерина Алякина, Денис Полубояринов, Алина Колиушко, Алексей Чуркин және Нұрғиса Әділетұлынан табылды, –  делінген хабарламада.

Федерацияның хабарлауынша, 12 маусымда Ауыр атлетика федерациясына Халықаралық тестілеу агенттігінен (ITA) ұлттық құраманың спортшысы Артем Антроповтың допинг-сынамасының оң нәтижелері туралы хабарлама келіп түсті. Сынама 12 мамырда спортшының Кореяда өткен Азия чемпионатында өнер көрсеткеннен кейін алынды.

Бүгінгі күні спортшылар допингке қарсы ережелерді бұзу туралы хабарлама алды. Олардың әрқайсысы бойынша соңғы шешім толық тергеуден кейін қабылданады. Жоғарыда аталған спортшылардың барлығы спорттық іс-шаралар мен оқу-жаттығу жиындарынан уақытша шеттетілді, –  делінген одан әрі.

Федерация допингке «мүлдем төзбеушілік» саясатын ұстана отырып, оқиғаны тәуелсіз тексеру үшін комиссия құрды. Оның құрамына Қазақстан Республикасы мен өңірлердің ҚР ААФ өкілдері кірді. Тергеу кезінде ластанған спорттық тамақты абайсызда ішу мен спортшылардың допингті қасақана қолдануы тексеріледі. Тексеру үшін спортшылар дайындық кезінде қабылдаған спорттық тамақтану мен витаминдердің үлгілері алынды. Сондай-ақ, «Б» үлгілерін қайта сараптамаға ашу жоспарлануда.

Федерация тергеуден басқа уәкілетті органға ерлер мен әйелдер құрама командаларының бас жаттықтырушыларын қызметінен босату туралы өтініштер жолдады. Допингке қарсы жұмыстарға баса назар аудара отырып, федерацияның жаңа ұйымдық құрылымы кеңейтіліп, бекітілді. Федерацияның жаңа бас хатшысы тағайындалды.

Еске сала кетейік, Ауыр атлетика федерациясы мен Қазақстан ұлттық допингке қарсы орталығы арасында допингке қарсы тәртіпті нығайтуға және ауыр атлетикада допинг қолданудың барлық жағдайларын анықтауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

ҚР ААФ ҚазДҚҰО бірлесіп ұлттық құрама командасының спортшыларында жарыстан тыс допинг-бақылаулар жүргізуге және допингке қарсы семинарлар өткізуге жүйелі негізде бастамашылық жасайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама