×

Семей орманындағы өрттің қашан толық сөндірілетіні белгілі болды

Вице-министр өртті сөндіруге қажет күш пен құрал барын айтты

 Дәурен Ерболат 15.06.2023 | 13:36
фото: ТЖМ

Абай облысындағы алапат өртті толық сөндіру үшін тағы 4-5 күн уақыт керек. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Ибрагим Күлшімбаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде Семей орманындағы өрттің беті қайтқан.

Өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өртті толық сөндіруге қажет күш пен құралдар бар. Басшылық сонда жүр. Өрттің жалпы аумағы 60 мың гектар болды. Өрт толық өшкен жоқ. Оны тек оқшауладық. Өртті толық өшіруге (тағы) 4-5 күн уақыт керек болуы мүмкін, - деді вице-министр Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері мен бір тракторшы қаза тапты. 12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама