×

Құрылысы бірнеше жылға созылған Шымкент әуежайы биыл пайдалануға беріледі – Әйтенов

Жаңа әуежай терминалының құрылысы жеке инвестор есебінен жүргізіліп жатыр

 Ая Өміртай 15.06.2023 | 12:44
Мұрат Әйтенов, фото: ОКҚ

Шымкенттегі әуежай терминалының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Әкімнің айтуынша, жаңа әуежай терминалының құрылысы жеке инвестор есебінен жүргізіліп жатыр.

Теміржол вокзалы сенімгерлік басқаруға беріліп, жеке инвестор есебінен толығымен қайта жаңартылады. Нәтижесінде, әуежай жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 200 адамнан 2 000 адамға, теміржол вокзалының өткізу қабілеті тәулігіне 2 000 адамнан 6 000 адамға дейін артады, - деді Мұрат Әйтенов.

Еске салайық, жаңа әуежай құрылысы пандемия, одан кейін сот процесіне байланысты созылып кеткен еді.

Мегаполистің көлік және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, перронның құрылысы үшін инвесторға алты гектар жер жетпей қалған. Аталған жер телімі әкімдік бірнеше рет сатылымға шығарған ескі әуежайға тиесілі болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама