×

Ресейден авиакеросинді импорттауға уақытша тыйым салынды

Мұнай өнімін авиакомпаниялар мен әуежайлардан тиеп жөнелтуге сұраныс болмаған

 Дастан Жұмабекұлы 15.06.2023 | 09:24
фото: ашық дереккөз

14 маусымынан бастап Энергетика министрлігінің өтініші бойынша Ресей Федерациясынан авиакеросинді теміржол көлігімен әкелуге шартты түрде тыйым салынды.

Тыйым бір ай бойы күшінде болады. Жағдай жақсарған жағдайда тыйым алынып тасталады, –  деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ баспасөз-қызметі.

Уәкілетті органның мәліметінше, Ресей Федерациясынан келетін авиациялық керосиннің импорты көбейіп, оны авиакомпаниялар мен әуежайлардан тиеп жөнелтуге сұраныс болмаған. Осыған байланысты мұнай өңдеу зауыттарының резервуарлары толып, үш мұнай өңдеу зауытында шикізатты өңдеудің мәжбүрлі қысқару қаупі туындаған. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама