×

Абай облысындағы өрттің беті қайтты – ТЖМ

Өрт салдарынан 14 орманшы қаза тапты

 Халық үні 14.06.2023 | 22:33
фото: ТЖМ

Абай облысындағы өрттің беті қайтты, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. 

«2023 жылғы 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғаны жарияланды», - делінген хабарламада.

Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетіне топырақ себу жүзеге асырылады.

Айта кетейік, Абай облысындағы орман өрті 8 маусымнан бері сөндіріліп жатыр. Өрт салдарынан 14 орманшы қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама