×

IELTS және TOEFL сертификаттарының нәтижесі ҰБТ балдарына қалай ауыстырылады?

Алмастыруды ЖОО-ның қабылдау комиссиялары іске асырады

 Динара Амантай 14.06.2023 | 13:15
Фото: krassota.com

IELTS және TOEFL халықаралық стандартталған сертификаттарының балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шкаласы жарияланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жоғары оқу орындарына қабылдау ережелеріне сәйкес IELTS және TOEFL халықаралық сертификаттары бар талапкерлер өз нәтижелерін «Ағылшын тілі» пәні бойынша ҰБТ балдарына ауыстыра алады.

Бұған дейін талапкерлерге IELTS балдары 6.0-ден жоғары болса ғана, «Ағылшын тілінен» 45 балл берілетін. Алайда, көптеген талапкерде ағылшын тілін жақсы деңгейде меңгергендігін растайтын белгіленген балдан төмен IELTS сертификаттары бар болды. Сондықтан түлектер мен сарапшы мамандардың пікірін ескере отырып, биыл ҰБТ-да нәтижесі 5.5 IELTS сертификаттарын – 41, ал 5.0 балын 37 балға ауыстыру туралы шешім қабылданды. TOEFL сертификаттарының нәтижелерін ауыстыру бойынша да дәл осындай өзгерістер енгізілді. Бұл жаңалық «Ағылшын тілін» өзінің бейіндік пәні ретінде таңдаған тест тапсырушылардың жалпы нәтижелеріне оң әсерін тигізеді деп ойлаймын, – деді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Айта кетейік, IELTS және TOEFL халықаралық сертификаттарын ауыстыруды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш берген кезде немесе ақылы негізде оқуға қабылдау кезінде іске асырады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама