×

Қайырбек Сүлейменов қызметке қайта сайланды

Ол қайтып «Қазақстан халқына» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болды

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2023 | 17:43
фото: ашық дереккөз

Қайырбек Сүлейменов «Қазақстан халқына» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысында Қайырбек Сүлейменов осы кеңестің төрағасы болып қайта сайланды. Бұл туралы «Қазақстан халқына» қоры хабарлады.

Қамқоршылық кеңес төрағасының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, Қор Жарғысының 5.6-тармағына сәйкес ашық дауыс беру нәтижесінде Қайырбек Сүлейменов бір ауыздан «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып қайта сайланды, –  делінген хабарламада.

Қайырбек Сүлейменов –  көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Халық қаһарманы, «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы. 2022 жылдың қаңтарынан бастап Қордың Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, 2022 жылдың маусымында Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланды.

Еске салсақ, Қамқоршылық кеңес – Қордың жоғары басқару органы және Қор қызметінің жарғылық мақсаттарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады. Кеңес Қор қызметінің стратегиялық бағыттары мен оның міндеттерін айқындайды, бюджетті бекітеді, басқа да бақылау және ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырады. Қамқоршылық кеңес мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде атқарады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама