×

Семей орманындағы өрт: Қазақстан билігі басқа мемлекеттерден көмек сұрамаған

Өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері мен бір тракторшы қаза тапты

 Дәурен Ерболат 13.06.2023 | 15:46
фото: ТЖМ

9 маусымда басталған Абай облысындағы алапат өрт әлі сөнген жоқ. Өртті сөндіруге 14 тікұшақ жұмылдырылды. 1500 адам мен 300 техника жұмыс істеп жатыр.

Абай облысындағы орман өртіне байланысты Қазақстан билігі басқа мемлекеттерден көмек сұрамаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Егер апат үлкен болса, оның салдарын жоюға мемлекеттің шамасы жетпей жатса, онда (басқа елден) көмек сұрауға мәжбүр болады. Әзірге, біз ондай көмек сұраған жоқпыз. Алайда менің естуімше, 1-2 мемлекет (Қазақстанға) көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Өздеріңіз білесіздер, Президентіміз және біздің министр Түркия және Өзбекстан (мемлекет басшыларымен) телефон арқылы сөйлескен, - деді СІМ ресми өкілі.

Абай облысы әкімінің хабарлауынша, 13 маусымда ормандағы өрттің аумағы 60 гектарға жетті. Өрт салдарынан орман шаруашылығының 14 қызметкері мен бір тракторшы қаза тапты. 12 маусым Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама