×

Өрттің беті қайтпай жатыр

Бірақ елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

 Дастан Жұмабекұлы 13.06.2023 | 09:25
фото: ашық дереккөз

Қазіргі уақытта Абай облысында өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Елді мекендерге қауіп жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, жергілікті атқарушы органдардан және Қорғаныс министрлігінен 1 800-ден астам адам, 350-ге жуық техника жұмылдырылған.

Пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, аэровизуалды барлау нәтижелері бойынша өрт Каштак орманшылығынан Семей қаласына қарай бағыт алып, жоғары өрбігені байқалады. Жедел іс-қимылдар мен уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өрттің елді мекендерге таралуына жол берілген жоқ, –  делінген хабарламада.

Сонымен қатар, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына әуеден су төгуді жүзеге асыру үшін тікұшақтар тартылды. Өткепн тәулікте өрт ошақтарына әуеден 546 рет 1 500-ден астам тонна су төгілді. Ал жалпы, өртті сөндіру жұмыстары басталғаннан бері өрт ошақтарына әуеден 1 323 рет 4000-ға жуық тоннаны су төгілді.

Қазірге дейін жедел желіге 150 қоңырау түсті. ТЖД жедел желі телефоны: 8 722 235 38 31.

«Қазгидромет» АҚ деректері бойынша 14 маусым күні: қысқа мерзімді жаңбыр (жаңбырдың ықтималдығы 60%), найзағай, дауыл, солтүстік-шығыс жел секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метрге дейін болады деп күтілуде. Түнде ауа температурасы +5+100С, күндіз +18+23 0С.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама