×

Шілдеден бастап орманшылардың айлығы өседі - Экология министрі

Министрдің айтуынша, жалпы аудан бойынша төрт жыл ішінде қаржыландыруды ұлғайту жоспарда бар

 Халық үні 13.06.2023 | 06:32
фото: akorda.kz

Биыл шілдеден бастап «Семей орманы» орман шаруашылығының қызметкерлерінің жалақысы өседі. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, жалпы аудан бойынша төрт жыл ішінде қаржыландыруды ұлғайту жоспарда бар. Бұл қаражат арнайы техникаларды жаңартуға және өртті ерте анықтау жүйесін орнатуға жұмсалады.

Үкіметтің бүгінгі отырысында орман шаруашылығы кәсіпорындарын материалдық қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Біз орманшылардың барлық қажеттілігі бойынша жағдайды талдап, қосымша қаржы сұраймыз, - Зүлфия Сүлейменова. 

Министрдің айтуынша, елдегі орман шаруашылығына 8,1 млрд теңге бөлінген. Ал өртті ерте анықтау жүйесіне 4,1 млрд теңге қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама