×

Өрттен зардап шеккендерге арнайы қор құрылады

Моральдық және материалдық көмек көрсетіледі

 Халық үні 11.06.2023 | 15:25
Фото: akorda.kz

Зардап шеккен барлық отбасыға жеке жәрдемақы тағайындалады, деді Президент өрттен зардап шеккендерге.

Мен сіздерге уәде беремін. Президент жанынан арнайы қор құрылады. Зардап шеккендерге жеке көмек көрсетемін, – деді мемлекет басшысы. 

«Мен сіздерге көңіл айту үшін арнайы келдім. Екіншіден, жан-жақты көмек көрсетілетінін айтуға келдім. Қаржылай да, басқа да көмек көрсетіледі.  Балалар балабақшаға, ЖОО-ға орналастырылады – бәрі орындалады. Мен, әрине, сіздермен біргемін. Сіздер – еліміздің азаматысыздар. Мен сіздер үшін жауаптымын. Мен Мемлекет басшысы ретінде болған жағдай үшін кешірім сұраймын. Өте ауыр жағдай екенін түсінемін. Асыраушыларыңызды, отағасын, ең жақын туыстарыңызды жоғалттыңыздар. Өкінішке қарай, өмірде мұндай қайғылы жайттар болады.  Мұны ақтайтын ешқандай себеп жоқ. Тағы да айтамын. Моральдық және материалдық көмек көрсетіледі», – деді Президент. 

Президенттің айтуынша, барлық қажеттілік бойынша тізім жасалады. Келесі аптада барлық мәселе шешіледі. Өтініштердің бәрі орындалады.

Министрлік және басқа да тиісті органдар апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған. Шұғыл шаралар қабылдап, өртті сол жерде өшіруі, кем дегенде оқшаулауы керек еді. Оны істемеген. Жағдайға салғырт қарады, біліктілік танытпады. Барлығы жазаланады, – деді мемлекет басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама