×

Путин Тоқаевқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Зардап шеккен аумақтар қалыпты, бақуатты өмірге қайта оралатынына сенімдімін, - деді ол

 Еркеғали Болатұлы 11.06.2023 | 12:14
фото: ria.ru

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Абай облысындағы өртте адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Кремльдің ресми сайты хабарлады.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Қазақстанның шығыс өңірлерінде болған табиғи апат – ауқымды орман өрттеріне байланысты көңіл айтамын. Төтенше апаттың қайғылы салдары еңсеріліп, зардап шеккен аумақтар қалыпты, бақуатты өмірге қайта оралатынына сенімдімін, - деді Путин.

Еске сала кетсек, қазір Абай облысының аумағындағы өрттің аумағы 60 мың гектардан асып кеткен. Сонымен қатар тілсіз жау салдарынан қаза тапқан 14 адамның есімі жарияланды. Олардың бесеуінің тұлғасы анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама