×

Алапат өрттен қаза тапқандар саны 14-ке жетті

Қаза тапқандардың жеке басы анықталуда

 Халық үні 10.06.2023 | 20:50
фото: ТЖМ

Семейдегі өрт кезінде қаза тапқандар саны 14-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Абай облысындағы өртті сөндіру жедел штабының мәліметінше, іздеу жұмыстары барысында тағы 11 қаза тапқан адамның денесі табылған. Қаза тапқандардың жеке басы анықталуда», - деп жазды ТЖМ-нан.

Еске сала кетейік, бұған дейін жоғалған Орман шаруашылығы үш қызметкерінің өлі денесі табылған болатын. Осылайша, қаза тапқандар саны 14-ке жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама