×

Рыбакина әлемдік рейтингте ТОП-үштікке кіреді

Жаңартылған тізім 12 маусымда шығады

 Дастан Жұмабекұлы 08.06.2023 | 17:21
фото: ашық дереккөз

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингте үздік үштікке кіреді. Бұл туралы Теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазір Рыбакина WTA Live тізімінде 4-тен 3-орынға көтеріліп тұр.

Топ-үштікке «Ролан Гаррос» турнирінің қорытындысы бойынша Елена Рыбакинаның алдына әлемнің 7-ракеткасы, тунистік теннисші Онс Жабер кіруі мүмкін еді. Алайда ол ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майядан 6:3, 6:7 (5:7), 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швентек пен Беларусь өкілі Арина Соболенкодан кейінгі үшінші орынға көтеріледі.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі Рыбакинаның ресми түрде алдағы дүйсенбіде әлемнің үшінші ракеткасы атанатынын растады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама