×

Назарбаевтың кеңсесі бір жарым ай ішінде жабылады

Қазір Назарбаев кеңсесін қайта құрылымдау жүріп жатыр

 Халық үні 07.06.2023 | 23:01
Фото: zakon.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесі таяудағы бір жарым ай ішінде қайта құрылымдалады.Бұл туралы Мәжілісте Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір Назарбаев кеңсесін қайта құрылымдау жүріп жатыр.

«Кеңседе жұмыс істеген адамдардың бір бөлігі басқа ұйымдарға ауысады. Ал қалған қызметкерлер жұмыстан қысқартылады. Кеңсе қайта құрылымдау сатысында. Менің ойымша, бір жарым ай ішінде мәселе шешіледі», – деді Қаржы министрлігінің басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама