×

«Қаңғыбаспын»: СҚО-дағы ауыл әкімі өзінің ешқандай мүлкі жоқ екенін айтты

Желіде видеосы тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті

 Халық үні 07.06.2023 | 19:43
Фото: видеодан алынды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Белов ауылдық округі әкімінен сұқбат алған журналист көлігі мен баспанасы бар-жоғын сұрады. Әкім ешқандай мүлкі жоқ екенін айтып, өзін үй-күйі жоқ «қаңғыбасқа» теңеді.

Желіде видеосы тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

«Менің жеке көлігім, жеке үйім жоқ. Ештеңе жоқ. Мен қаңғыбаспын. Мен жалдамалы пәтерде түнеймін», - дейді әкім.

Алайда желі қолданушылары шенеуніктің сөзіне күмән келтіріп, сене қоймады.

«Басқа әкімдерге қарап, мақтанбайын деп керісінше істеді», «Бар мүлкін әйелі мен балаларына жазып қойған» деп жазды олар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама