×

Қазақстанның ең қымбат футболшыларының тізімі шықты

Топ-10 ойыншыны Бахтиер Зайнутдинов бастап тұр

 Дастан Жұмабекұлы 07.06.2023 | 17:55
фото: ашық дереккөз

ГерманияныңTransfermarkt порталы Қазақстанның ең қымбат футболшыларының тізімін жасады.

Transfermarkt-тің мәліметі бойынша еліміздің ең қымбат 10 футболшының тізімін Мәскеудегі Әскерилердің спорттағы басты клубында (ЦСКА) ойнайтын Бахтиер Зайнутдинов бастап тұр.

Сонымен, жақсы табыс табатын қазақстандық футболшылар тізімі:

1. Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА) – 5 млн еуро;

2.Нұралы Әліп («Зенит») –  1,2 млн еуро;
3. Александр Меркель (клубсыз) –  1 млн еуро;
4. Марат Быстров («Ахмат») –  1 млн еуро;
5. Абат Айымбетов («Астана») –  900 мың еуро;
6. Асхат Тағыберген («Ордабасы») –  850 мың еуро;
7. Георгий Жуков («Цанчжоу Майти Лайонс») –  750 мың еуро;
8. Темірлан Ерланов («Ордабасы») –  700 мың еуро;
9. Артур Шушеначев («Қайрат») –  700 мың еуро;
10. Максим Самородов («Ақтөбе») –  700 мың еуро.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама