×

Шымкентте жоғалып кеткен қыз Астанадан табылды

Жасөспірім 5 маусымда үйінен шығып, қайтып оралмаған.

 Дастан Жұмабекұлы 07.06.2023 | 11:21
фото: otyrar.kz

Шымкент қаласында жоғалған 14 жастағы Арайлым Ақтай Астанадан табылды.

Қызды еріктілер Астананың «Сапаржай» автовокзалынан тапқан. 6 маусымда оның әкесі полицияға хабарласып, баласының із-түзсіз жоғалып кеткенін айтқан еді. Жасөспірім 5 маусымда үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Бұған дейін хабарланғандай, Атырауда із-түзсіз жоғалған 16 жастағы қыздың мүрдесі табылған болатын. Жасөспірімнің денесінің табылғанын атасы Амангелді Қазбеков әлеуметтік желіде жазды. Ол да 6 сәуірде үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Кейін көпірден секіріп, көз жұмғаны белгілі болды.

Қазір түрлі себеппен үйден кетіп жатқан жастардың қатары көбейіп барады. Өкінішке қарай, олардың көбі өздеріне қол жұмсауға дейін барып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама