×

Қарсы шабуыл нәтиже беріп жатыр – Украина Қорғаныс министрінің орынбасары

Бахмуттың өзінде және оның маңында Ресей әскерімен кескілескен шайқас болып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 06.06.2023 | 13:23
фото: ашық дереккөз

Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы нәтиже беріп жатыр. Бұл туралы осы елдің Қорғаныс минстрінің орынбасары Анна Маляр айтты.

Оның айтуынша, қазір Украина әскері бірнеше бағытта қарсы шабуылға шықты. Соның бірі Бахмут қаласын азат етуде жауынгерлер сағат сайын алға жылжып, қаланың аулаларын қайтарып жатыр. Сондай-ақ Қарулы күштер Бахмуттың маңында Ресей әскерімен шайқасқа түсті.

Бұған дейін хабарланғандай, Орыс еріктілер жасағы мен «Азат Ресей» ұйымының сарбаздары Ресейдің Белгород облысына кіріп, елді мекендерге шабуыл жасап жатыр. Орыс еріктілер корпусының жауынгерлері Новая Таволжна қаласына кіріп, жергілікті билікті өзіне қаратқанын мәлімдеді.

Біз бірнеше күннен бері Новая Таволжанканы толық бақылауға алдық. Ресей әскері бұл елді мекенді тастап кетті, – деді олар.

«Азат Ресей» ұйымы мен Орыс еріктілері корпусының легионерлері Белгород пен Брянскіде ресейлік сарбаздарды тұтқындап жатыр деген де дерек шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама