×

«Жаман болмайды». Министр биыл қанша астық жиналатынын болжады

Бүгінде шаруалар тиісті жұмыс істеп жатыр

 Дәурен Ерболат 06.06.2023 | 10:45
Фото: pm.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл Қазақтанда қанша астық жиналатынына болжам жасады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов министрден: «Ербол Шырақбайұлы, былтыр астықтың түсімі жаман болған жоқ. Түсімнің орташа жылдық көрсеткіші жоғары болды. Биылғы астық түсімінің болжамы қандай?» - деп сұрады.

Ербол Қарашөкеев нақты болжам жасауға әлі ерте екенін атап өтті.

Шаруалар егіс егуді қатаң, оңтайлы мерзімде аяқтап жатыр. Топырақта жиналған ылғалды сақтау бағытында жұмыстар да мерізімінде аяқталды. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, маусымда жауын-шашынның мөлшері республиканың басым бөлігінде орташа жылдық норматив болжанып отыр. Шілде-тамызда еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде жауын-шашын нормадан сәл аз болады. Басқа өңірлерде жауын-шанынның болжамы нормаға сәйкес болып отыр, - деді ол.

Оның пікірінше, егіннің азды-көпті дәл болжамын жасау үшін өскіннің шығу мерзімін күту керек. 

Қазір алдын ала факторларды ескергендегі болжам мынадай: бидайды алатын болсақ, жалпы жинау 16 млн теңге деңгейінде болжанып отыр. Астық жаман болмайды, - деді Ербол Қарашөкеев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама