×

Қазақ шабандозы Францияда өткен бәйгеде қатарынан екі бас жүлдені жеңіп алды

Франция ат спорты саласында Еуропадағы ең үздік ел саналады

 Еркеғали Болатұлы 05.06.2023 | 17:30
фото: ашық дереккөз

Қазақ шабандозы Бауыржан Мұрзабаев беделді «Катар При» ат жарысына қатысып, екі рет бас жүлде иеленді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.

Сайыс Францияның солтүстігіндегі Шантийи қаласында өтті. Бауыржанды Францияға атақты жаттықтырушы Андре Фабре шақырған.

Отандасымыздың шеберлігі Еуропаға таныс болғанмен, Францияның атсүйер қауымы арасында аса танымал емес. Бірақ соған қарамастан Фабре Бауыржанды өзінің басты шабандозы етіп тағайындаған. Қандасымыз бапкердің артқан үмітін ақтады.

Шабандоз Шантийиде 6 бәйгеге қатысып, оның сәйгүлігі екі рет мәреге бірінші болып келді. Енді бірнеше аптадан кейін отандасымыз «Париж Гран приінде» бақ сынап көрмек.

Франция ат спорты саласында Еуропадағы ең үздік ел саналады. Менің мансабым Чехияда басталған. Содан кейін Германияда болдым. Енді міне, Францияға келіп, еңбек етіп жатырмын. Бұған дейін жұмыс істеген елдерімде чемпион болдым. Францияда да 2-3 жыл ішінде осы биік белеске жетуді мақсат етіп отырмын, - деді Бауыржан Мұрзабаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама