×

Елімізде алғаш рет қайырымдылық саласындағы құрметті атақ белгіленді

Өтінім қабылдау бүгін басталады

 Динара Амантай 05.06.2023 | 17:13
Фото: gov.kz

«Қайырымдылық туралы» Заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, елімізде алғаш рет қайырымдылық саласындағы құрметті атақ белгіленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

АҚДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, атақ қайырымдылық саласын дамытуға елеулі үлес қосқан қайырымдылық жасаушыларды, қайырымдылық ұйымдарын және қайырымдылық волонтерлерін көтермелеуге бағытталған. Осы орайда, ведомство өкілдері қайырымдылық саласында құрметті атақ беруге өтінімдер қабылдайтынын хабарлады. Өтінім қабылдау бүгін, яғни 5 маусымда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады.

Құрметті атақ беруге өтінімді АҚДМ кеңсесі арқылы қолма-қол қағазбен беруге және электронды түрде (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-карталарда) немесе zvanie_2023@mbx.kz (PDF форматында) электрондық мекенжайға жолдауға болады.

Жеңімпаздар Парламент депутаттарының, азаматтық және квазимемлекеттік секторлар, мемлекеттік органдар өкілдері қатысатын конкурстық комиссияның шешімімен анықталатын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама