×

«Ролан Гаррос» турнирі: Қазақстан құрамасы қанша табыс тапты?

Теннисшілердің бәрі ұтылса да 485 мың еуро (234,4 млн теңге) алды

 Дастан Жұмабекұлы 05.06.2023 | 16:43
фото: ашық дереккөз

Қазақстан теннисшілерінің «Ролан Гаррос» турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды.

Франция ашық чемпионатына еліміздің 7 теннисші қатысты. Осы турнирде спортшылардың бәрі ұтылса да 485 мың еуро (234,4 млн теңге) табыс тапты. Мысалы, табыс табу жөнінен Юлия Путинцева алда тұр. Ол жекелей сында үшінші айналымға дейін жетті. Жұптық сында ресейлік Камилла Рахимовамен бірге алғашқы айналымнан аса алмады.

Биылғы турнирден Путинцева 150 500 еуро (8 500+142 мың) алды. Одан кейін үшінші айналымға дейін жеткен Елена Рыбакина тұр. Ол 142 мың еуро тапты.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Рыбакина сырқаттанып қалуына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Ол жарысқа жұптық сында қатысқан жоқ.

Александр Бублик биылғы жарыста 77 500 еуро (8 500+69 000) алды. Тимофей Скатов – 69 мың еуро, Александр Недовесов – 21 500 еуро, Анна Данилина – 16 мың еуро (2 500+13 500), Андрей Голубев  8 500 еуро тапты.

Биыл «Ролан Гаррос» турнирінің жүлде қоры 49,6 млн еуро болып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама