×

Маңғыстау облысында ҰБТ-дан 134 балл жинаған түлек апелляцияға өтініш берді

Түлектің 140 балдық көрсеткіштің 134-іне дұрыс жауап бере тұра, нәтижеге көңілі толмаған

 Халық үні 03.06.2023 | 22:47
Фото: Tengrinews.kz

Қарақия ауданы мектеп түлегі ұлттық бірыңғай тестілеуден жиған жоғары балына көңілі толмай апелляцияға өтініш берді, хабарлайды mangystaumedia.kz.

Өңірде ҰБТ нәтижесі бойынша аралық қорытынды тізімделген. Нәтижесінде Қарақия ауданының түлегі Айдос Батыржанұлы ең жоғары балл жинады. Алайда ол 140 балдық көрсеткіштің 134-іне дұрыс жауап бере тұра, нәтижеге көңілі толмаған.

«Облыс бойынша тест тапсырғандар арасында ең жоғары балл жиған Қарақия ауданының мектеп бітірушісі апелляцияға өтініш берді. Жас түлек нәтиженің дұрыс шықпағанын айтып, өзі белгілеген тест сұрақтары бойынша нақты дәлелдерін келтірмекші. Енді сол өтініш бойынша тексеру қорытындысы 30 күннен кейін жарияланады», - деді Маңғыстау облысы білім басқармасының өкілдері.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама