×

Қазақстандық ғалымдар аллергия мен демікпені емдейтін вакцина әзірледі

Ол бойынша техникалық құжаттама жасалды

 Айнұр Шошаева 03.06.2023 | 13:30
Фото: ашық дереккөз

Отандық ғалымдар жусан шөбінен пайда болатын аллергиялық ринит пен бронхиалдық демікпені емдейтін вакцина жасап шығарды, деп хабарлайды Halyq uni.

PollenVax вакцинасы жусан шөбінен пайда болатын аллергиялық ринит пен бронхиалды демікпенің иммунотерапиясына қолданылатын препарат. Аталған вакцина төрт реттік қолдану арқылы аллергиялық белгілерді тежейді.

Вакцинаны одан әрі масштабтау, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру және клиникалық сынау үшін біз биылғы жылдың басында 2024-2026 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жөніндегі конкурсқа енгізу үшін техникалық құжаттама әзірледік, - деп жазды вирусолог вакцинолог ғалым Қайсар Табынов.

Оның мәліметінше, аталған техникалық құжаттама денсаулық сақтау және ғылым саласының профильдік министрлігіне тапсырылған.

Біздің командамыз еліміздің азаматтарының алдындағы жауапкершілігін толық түсінеді және әзірленген вакцинаны аллергиясы бар азаматтарымызға жеткізуге ниетті. Pollenvax вакцинасын практикаға енгізу үшін қажетті зерттеулердің ең маңызды және қымбат бөлігі қазір ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолында. Үкіметтің бұл мәселеге алаңдайтынын білеміз, сондықтан оны қолдаймыз деп үміттенеміз, - деп қосты Қайсар Табынов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама