×

Қазақстан сейсмология саласында Жапониямен байланысты нығайтады

20 қазақстандық маман тағылымдамадан өтті

 Дәурен Ерболат 02.06.2023 | 17:30
Фото: kaztag.kz

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Отандық институт сейсмология саласында Жапониямен байланыс орнатып, оның тәжірибесін пайдаланады.

Ынтымақтастық бағдарламасы аясында 20-дан аса қызметкер Жапонияның сейсмологиялық орталықтарында тағылымдамадан өтті.

Бүгінгі кездесу барысында қос тарап ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мен JICA төмендегі бағыттар бойынша байланыс орнатады:

  • Сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы практикалық жұмыстарды орындау үшін қос елдің ғалымдары мен мамандарын тарту;
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • Мамандарды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру;
  • Сейсмикалық оқшаулау жүйелері мен сейсмикалық қауіпсіздікті қолдану кезінде тәжірибе алмасу.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама