×

«Ресей еріктілер корпусының» сарбаздары Шебекино қаласын атқылап жатыр

Олар Украина аумағынан «Азат Ресей» легионерлері де көмекке келе жатқанын мәлімдеді

 Дастан Жұмабекұлы 01.06.2023 | 16:48
фото: ашық дереккөз

«Ресей еріктілер корпусы» ұйымының сарбаздары Шебекино қаласын атқылап жатыр. Қазір оның маңында РФ Қарулы күштерімен кескілескен шайқас басталды.

Корпустың жауынгерлеріне Украина аумағынан «Азат Ресей» легионерлері де көмекке келе жатқанын мәлімдеді. Олар Ресей халқына үйлерін тастап, қашпауларын өтінді.

Қазір біз Украинаның шекарасында тұрмыз. Жақын арада Ресейге кіреміз. Сіздер үйлеріңізден кетпеңіздер, орындарыңызда болыңыздар. Ешқандай үйрей, қорқыныш болмасын! Біз бейбіт халықпен соғыспаймыз. Ресей билігін тақтан тайдырып, бейбіт өмір әкелу үшін күресіп жатырмыз. Бізбен қарулы қақтығыста Ресейдің Қарулы күштері қару-жарақтарын, әскери техникаларын тастап кетті. Енді оларды қатарымызға қосылғысы келетін мыңдаған адам пайдаланады.

Тағы да айтайын, бейбітшілік, ашық аспанымыз үшін күресіп жатырмыз. Жақын арада Белгород пен Владивостоктың аралығындағы алып кеңістікті азат етеміз. Кремльдің үстінде жалауымыз желбірейді», –  деді легион сарбазының бірі.

Бүгін Шебекинодағы бес қабатты жатақханаға снарядтар түсті. Жергілікті халық үрейленіп, үйлерінен қашып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама