×

Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

Әлем чемпионаты 2024 жылы 10-26 мамыр аралығында Чехияда өтеді

 Дастан Жұмабекұлы 01.06.2023 | 09:06
фото: ашық дереккөз

2024 жылы шайбалы хоккейден өтетін әлем чемпионатының элиталық дивизионында ойнайтын Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды.

Әлем чемпионаты келесі жылдың 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтеді.

Қазақстан хоккейшілері А тобында Канада, Германия, Швеция, Словакия, Латвия, Франция мен Польшаға қарсы ойнайды. Мачтар Острава қаласында болады.

Ал Прага қаласында В тобында Финляндия, АҚШ, Швейцария, Чехия, Дания, Норвегия, Австрия және Ұлыбритания құрамалары сынға түседі.

Жақында ұлттық құраманың хоккейшілері әлем чемпионатының элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама