×

Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты

Енді теннисші әлемнің 30-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенспен ойнайды

 Дастан Жұмабекұлы 01.06.2023 | 00:37
фото: Қазақстан теннис федерациясы

Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездесіп, оны бірінші партияда 6:3 есебімен ұтты. Екіншісінде қытайлық спортшы 6:4 есебімен есе қайтарды.

Үшінші сетте Путинцева 6:2 есебімен ұтты.

Енді Путинцева төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенспен ойнайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама