×

Президент бізге iPhone 14 Pro сыйлады - Асланбек Шымбергенов

Сценарий бойынша ол өз белбеуін президентке сыйлауы керек болған...

 Еркеғали Болатұлы 30.05.2023 | 13:15
фото: bassport.kz

Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов QAZAQ RING подкастына берген сұхбатында Ақордада өткен президентпен кездесулері туралы айтып берді.

Айтуынша, ол президенттің алдында сөз сөйлеуге екі күн дайындалған. «Аздап қобалжығанмен, рингпен салыстырғанда Ақордада сөз сөйлеген оңай», - дейді өзі.

Бірінші күні сөзімді әншейін оқыдым да ұйықтап қалдым. Сосын ертеңінде тұрдым да таңертен жаттап алдым. Қобалжу болды, бірақ сөз сөйлегенім өзіме ұнады. Соны қайта-қайта көрдім, жақсы сөйлеппін. Президент бізге iPhone 14 Pro сыйлады, - деді чемпион.

Сценарий бойынша Асланбек Шымбергенов өз белбеуін президентке сыйлауы керек болған. Бірақ Қасым-Жомарт Тоқаев одан бас тартты.

«Маған басында белбеуді президентке сыйлайсың деді. Оны берейін деп жатқанда президент «бұл – менің жетістігім емес, сенің еңбегің, өзіңде болсын» деді», - деп атап өтті боксшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама