×

Запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады

Қорғаныс министрлігі қаулының жобасын дайындады

 Дастан Жұмабекұлы 30.05.2023 | 10:01
фото: ашық дереккөз

Қорғаныс министрлігі Үкіметтің «Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы» қаулысының жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық акт «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес әзірленді. Құжатта 2023 жылы әскери қызметке шақыруға жоспарланатын запастағы офицерлердің жалпы саны, сондай-ақ құрамында запастағы офицерлерді шақыру жоспарланатын мемлекеттік органдардың атаулары қамтылған, – делінген хабарламада.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында биылғ 6 маусымға дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама