×

Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты

Енді ол әлемнің 19-ракеткасы қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнайды

 Дастан Жұмабекұлы 29.05.2023 | 23:10
фото: ашық дереккөз

Әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева «Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген тегі украиналық Марина Заневскаямен кортта кездесті. Теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен, Марина Заневская бұдан кейін қатарынан үш геймді алды. Есеп –  4:1. Одан кейін Юлия Путинцева да да қалыспай, есеп 3:5 болғанда қарсыласының сетті алуына мүмкіндік берген жоқ.

Екінші сетте есеп 4:3 болған кезде қазақстандық теннисші өз геймін пайдалана алмады. Дегенмен тай-брейкте қырағылық танытты. Сөйтіп, ол қарсыласын  7:5, 7:6 (7:3) есебімен ұтты.

Енді Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама