×

Иранның әскери техникалары Ауғанстанмен шекараға бет алды

Бірақ тәліптер сағаттап алға жылжып барады

 Дастан Жұмабекұлы 29.05.2023 | 13:53
фото: ашық дереккөз

Кешеден бері Ауғанстан мен Иранның шекарасы соғыс жағдайында тұр. Қарулы қақтығыс екі елдің шекарасындағы су мәселесіне қатысты басталған.

Иранның Irna ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Талибан» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысы Ауғанстан территориясынан келетін Гильменд өзеніне бөгет жасап, суды Парсы мемлекетінің аумағына жібергісі келмеген. Ал тәліптердің жетекшісі Абдулхамид Хорасанидің айтуынша, ауған тауларынан басталатын Гильменд өзені Иранның Систан провинциясындағы үнемі құрғап жататын көлге құяды. Жанжал осындай екі жақтың пікір қайшылығынан, мәселені дер кезінде шешпегенінен басталған.

Айта кетсек, кеше тәліптердің жетекшісі Парсы еліне соғыс жариялаған еді. Қазір «Талибан» әскері Иранның шекарасына басып кірген. Иран жағынан қаза тапқан әскерилер бар деген дерек те шықты. Осы оқиғаға байланысты Ислам Республикасының билігі Ауғанстанмен шекараға әскери техникаларын жібере бастады. Қазір олар жолда кетіп барады. Ал шекарадағы заставалар үнемі атқыланып жатыр. Бірінші болып Сасоли шекара бекеті атқыланған.

Иранның Ұлттық полиция қолбасшысының орынбасары, бригада генералы Касем Резаи «Талибан» қозғалысының  халықаралық құқық нормаларын сақтамай, ескертусіз шабуыл жасағанын айтып, мәлімдеме жасады. Ол бірінші күні Иран билігінің шекарадағы жағдайды елемегеніне де ренішін білдіріп, «Талибанмен» қоса өз елінің билігін де айыптауға дейін барды.

Енді қазір әскери техникалар жіберілетін болған соң, бригада генералы жауынгерлерге шекараны батыл және табанды түрде қорғауды тапсырды. Бірақ оған қарап отырған тәліптер жоқ. Олар сағаттап алға жылжып барады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама