×

АҚШ-та Жансая Әбдімәлік өтіп бара жатқан адаммен ақша үшін шахмат ойнады

Видеода жастардың олардың ойындарына қарап тұрғанын байқауға болады

 Халық үні 28.05.2023 | 21:36
Фото: instagram.com/zhansaya_abdumalik

АҚШ-та қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік көшеде өтіп бара жатқан адаммен ақшаға шахмат ойнаған. Бұл туралы Instagram желісіндегі sportkzsport парақшасында жарияланды.

«Олар он долларға ойнауды ұсынды», - деп жазды Жансая Әбдімәлік Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде.

Видеода жастардың олардың ойындарына қарап тұрғанын байқауға болады. Видеоға пікір білдірушілердің басым бөлігі кімнің жеңгенін сұрап жазған.

Еске салайық, жақында қазақстандық шахматшы тұрмысқа шықты. Шахмат әлемінде танымал қазақ қызының таңдауы Нұрахмет Нұриев деген азаматқа түскен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама