×

Ауғанстан мен Иран шекарасындағы атыста 3 адам оққа ұшты

Оқиғадан кейін ірі шекара бекеті жабылды

 Еркеғали Болатұлы 28.05.2023 | 15:57
фото: REUTERS\Jalil Ahmad

Ауғанстан мен Иран шекарасында атыс болып, екі ирандық шекарашы мен бір «Талибан» содыры қаза тапты. Сондай-ақ бірнеше сарбаз жарақат алған.

Қақтығыс суға таластан туған. Оқты кімнің бірінші атқаны белгісіз. Қос тарап бірін-бірі айыптап отыр.

Бүгін Нимроз провинциясында ирандық шекарашылар Ауғанстанға қарай оқ жаудырды. Бұлар қайта жауап берді. Қазір жағдай бақылауда. Ислам әмірлігі көршілерімен соғысқысы келмейді, - деді Талибан басқаратын Ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Нафи Такор.

Оқиғадан кейін Иранның Белуджистан мен Ауғанстанның Нимроз аймағында орналасқан ірі шекара бекеті жабылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама