×

Білім министрі жабылу алдында тұрған 4 жоғары оқу орны жайлы айтты

Қазақстанда 29 колледж жабылу сатысында тұр

 Ербол Тұрымбет 19.04.2022 | 14:10
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда сапа стандарттарына сай келмей, лицензиясы қайтарылып жатқан оқу орындары жайында айтты.

Министрдің дерегінше, бүгінде 15 жоғары оқу орны және 31 колледж толғымен жабылған. Тағы 4 жоғары оқу орны және 29 колледж жабылу сатысында тұр. 61 ЖОО-ның 500 бағыты бойынша лицензиялары және 375 колледждің 2200 бағытының лицензиялары қайтарып алынған.

Тағы 15 жоғары оқу орны мен 47 колледждің лицензияларын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде. Мысалы педагогтерді даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін азайса, заңгерлерді даярлайтын нысандар – 72-ден 61-ге дейін азайды, - деді Білім министрі.

Сондай-ақ университеттерге практик-мамандарды тарту бойынша өзгерістер енгізілді. Мәселен IT маманын дайындау үшін ғылым докторы болу маңызды емес, бұл ретте программист маманның да сабақ беруге мүмкіндігі бар.

Оған қоса, Қазақстанда ЖОО-дағы лицензиялау мерзімінің жарамдылығы 5 жыл деп белгілеу енгізіліп жатыр. Бұл норма Мәжіліс пен Сенатта қолдау тапқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама