×

Полиция Қостанай облысындағы 11-сынып оқушысының өліміне қатысты мән-жайды айтты

Полиция 11-сынып оқушысының өзіне қол салу жағдайына байланысты 105-баптың 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады

 Халық үні 24.05.2023 | 23:31
ашық дереккөзден

22 мамыр күні Ұзынкөл ауданының Ұбаған ауылында 11-ші сынып оқушысы суицид жасады. Оқушының денесін әкесі тауып алған. Бұл жағдайға байланысты облыстық білім басқармасы пікір білдірген. 

«Өкінішке қарай, мұндай оқиғаның болғаны рас. Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. Оқушының ата-анасы мен жақындарына көңіл айтамыз»,-деді облыстық білім басқармасының өкілдері.

Ұзынкөл ауданы білім басқармасының жетекшісі Қайрат Әлиевтің сөзінше, оқушы Ұбағандағы жалпыға білім беру мектебінде оқыған және оның білім алуымен байланысты ешқандай мәселе болмаған. Бір сыныпта небәрі 4 оқушы болатын. Сол себепті қайғылы жағдай өңірдің білім саласын дүр сілкіндірді.

Қостанай облыстық Полиция департаменті Ұзынкөл ауданындағы 11-сынып оқушысының өзіне қол салу жағдайына байланысты 105-ші баптың 3-ші тармағы бойынша (өзіне қол салуға жеткізу) сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама