×

Алматылық оқушы тарихты оқуға арналған қосымша ойлап тапты

Ол көше туралы тарихи-танымдық ақпарат береді

 Дастан Жұмабекұлы 24.05.2023 | 11:46
фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрлігі Алматы қаласы №15 гимназиясының оқушысы Тимур Қырбасовтың өлкенің тарихын зерттеуге арналған қосымшаны ойлап тапқанын хабарлады.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, бағдарлама көше немесе аялдамаға жақындаған кезде автоматты түрде пайдалы, тарихи-танымдық ақпарат береді.

Бұл қосымшаны Google Play және App Store арқылы жүктеп алуға болады.

Тимур Қырбасовтың айтуынша, бұл жоба «Менің қаламның, елімнің тарихын зерттеуде ICT-технологияларды қолдану» деп аталады. Ол – бұған дейін шыққан екі шағын қосымшаның біріктірілген нұсқасы. Бірінші қосымша қоғамдық көліктегі ескерту жүйесін жаңарту арқылы қала тарихын таныстыруға арналса, екіншісі «AIALDAMA» мобильді қосымшасы деп аталады.

Оқушы үш жобасының авторлық құқығын қорғаған. Соңғы үш жылда халықаралық және республикалық ғылыми жобалардың жүлделерін иеленді. Ал 2022 жылғы 1 маусымда Тимур «Алматы БалаFest» қалалық фестивалінде мемлекет басшысының нұсқаушысы болған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама