×

Ақтау әуежайындағы ұшақтар екі күн бойы күндіз ұшпайтын болды

Тіркеу кешкі сағат 17:00-де басталады

 Еркеғали Болатұлы 24.05.2023 | 11:35
фото: Lada.kz

Ақтау әуежайында ұшу жолағын жөндеу жұмыстарына байланысты, бүгіннен бастап күндізгі рейстердің бәрі екі күнге кешкі уақытқа ауыстырылды.

Жөндеу жұмыстары 25 мамырға дейін аяқтайды. Осыған байланысты екі күн бойы 9:00-19:00 аралығында ұшу жолағы жабық болады.

Таңғы 9:00-ге дейін рейстер бұрынғыдай ұша береді. Кешкі және түнгі рейстер де солай. Күндізгі рейстер ғана кешкі уақытқа ауыстырылады. Тіркеу кешкі сағат 17:00-де басталады, - деді анықтама бюросының мамандары.

Ұшу уақыты туралы ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі.

Бұған қатысты FlyArystan компаниясы да өзінің Telegram арнасында Ақтау әуежайындағы рейстерге өзгеріс енгізілгенін хабарлады.

«Бұл өзгеріс әуе компаниясының қызметіне байланысты емес екендіндігіне назар аударуыңызды сұраймыз. FlyArystan ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарды қолдайды, алайда Ақтау әуежайының хабарламаны кеш жіберуі сіздің жоспарыңызға әсер еткеніне өкініш білдіреміз», - делінген компания хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама