×

ҰҚК тыңшылық, опасыздық күдігімен шетел азаматын ұстады

Бұған дейін ҰҚК Тоқаевқа қастандық жасауды жоспарлаған агентті қолға түсірген еді

 Халық үні 19.04.2022 | 11:05
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тыңшылық, мемлекетке опасыздық жасау, мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету күдігімен адамдар тобын, оның ішінде шетел азаматын ұстады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 176-бабы (тыңшылық) және 185-бабы 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жинау және жария ету) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу соты осы адамдар тобына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Қылмыстық істердің «Құпия» белгісі бар, осыған байланысты тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұған дейін ҰҚК баспасөз қызметі ҚР президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған  агент ұсталғанын мәлімдеген еді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама