×

FlyArystan бірнеше әуе рейсінің кешігетінін хабарлады

Ұшақтарға құстар соғылған

 Дәурен Ерболат 23.05.2023 | 13:52
Фото: otyrar.kz

FlyArystan әуекомпаниясы бірнеше рейстің кешігетінін хабарлады.

Әуе компаниясына тиесілі 2 ұшақ құстарға соғылған.

X7362 Түркістан – Астана және X7342 Қостанай – Астана рейстері ұшу кезінде құстарға соғылды. Осыған байланысты КС7341 Астана – Қостанай, КС7542 Қостанай – Шымкент әуе рейстері кешігеді, - деп жазылған компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

FlyArystan қызметкерлері жұмыста кідіріс болмас үшін барлық шараны қабылдағанын атап өтті.

Алайда кейбір жағдай біздің бақылауымызда болмайды. Сондықтан рейстердің кешігуі әуекомпанияның кінәсынан емес, - деп жазылған хабарламада.

Әуе рейісі 2 сағаттан аса кешіксе, жолаушыларға алкогольсіз сусындар тегін беріледі әрі оларға 2 рет қоңырау шалуға (5 минуттан аспауы керек), 2 рет электрондық пошта арқылы хат жіберуге мүмкіндік берілуге тиіс.

Рейс 5 сағаттан кешіксе, жолаушыларға ыстық тамақ беріледі.

Ұшақ 5 сағаттан аса уақыт кешіксе, жақын арадағы рейске (орын болса) тегін қайта бронь жасалуы керек.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама