×

Ресей депутаты Константин Затулин Қазақстанға кіре алмады – БАҚ

Шекарашылар Мемлекеттік думаның депутатын паспортты тексеру пунктінде кіргізбей қойған

 Дастан Жұмабекұлы 22.05.2023 | 10:27
фото: ашық дереккөз

Ресейдің Мемлекеттік думасының ТМД істері және еуразиялық интеграция жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары, депутат Константин Затулин Қазақстанға кіре алмады. Бұл туралы rbc.ru хабарлады.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Константин Затулинді паспортты тексеру пунктінде Қазақстанға кіргізбей қойған.

Бірақ аздап қиындықтан кейін Ресей Сыртқы істер министрлігінің араласауымен мәселе шешілді, – делінген материалда.

Константин Затулин бұған дейін Қазақстанның аумақтық тұтастығына күмән келтіріп, еліміздің солтүстік облыстарын Ресейге қайтару жөнінде пікір білдірген. Ол тіпті, былтыр маусым айында президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Украинаның территориясында құрылған «ЛХР» мен «ДХР» секілді квазимемлекеттік құрылымдарды ешқашан мойындамайтынын айтқанда, оның бұл пікірін сынап, Қазақстанға «ескерту» жасаған болатын.

Қазақстанда орыс халқы көп тұратын бірнеше облыс бар. Біз барлық жерде достық болса, Ресей мен Қазақстанның арасында ынтымақтастық пен әріптестік бола беретінін айтып келеміз. Ал егерде... достық болмаса, онда Қазақстанда Украинадағыдай жағдай қайталанады, – деген еді ол.

Сондай-ақ Константин Затулин «Московский комсомолец» газетіне берген сұхбатында да Қазақстанда Украина сценарийі қайталанса, оның бірнеше өңірі Ресейге қайтарылатынын айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама